Суббота, 23.11.2024, 14:02Приветствую Вас Гость | RSS
Кенен Азербаев атындағы орта мектептің жеке сайты
Іздестіру
Сайттың мәзірі
Кірудің формасы
Калькулятор

Роботов:3
Google[BOT] Yahoo
MSN

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

20ка Посетивших пользователей:

Негізгі бет





Әзірбаев Кенен (1884-1976) - қазақтың әйгілі халық ақыны, әнші, композитор,
 Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, КСРО Жазушылар одағының
мен Композиторлар одағының мүшесі. Жамбыл облысы Қордай ауданы
Мәтібұлақ ауылында (қазіргі Кенен Әзірбаев атындағы ауыл) дүниеге келген.
 Кенен Әзірбаев - қазақ өнеріндегі сал-серілік және айтыскерлік дәстүрлерді
үзбей, ХХ ғасырдың 70-жылдарына дейін жеткізген өнерпаз. Әкесі Әзірбай,
шешесі Ұлдар да әнші, домбырашы болған. Әр жырды әуелі ата анасынан
үйренген Кенен 11 жасынан домбыраға қосылып, өз жанынан өлең, ән
шығара бастаған. «Бозторғай», «Көкшолақ», «Бұлбұл», «Он алтыншы жыл» ,
«Қайран елім», «Аттан» әндерін шығарып, «Әли батыр», «Қырғызбай»
дастандарын жырлаған. Қазақ, қырғыз арасындағы белгілі жиындарға
қатысып, айтысқа түскен, ән сайысына араласқан. Мемлекет қайраткерлері
 Ораз Жандосов, Жұбаныш Бәрібаев, Тоқаш Бокин, тағы басқалармен
таныс-біліс болған. Ұлы Отан соғысы жылдарында мәдени-үгіт бригадасын
 құрып, ел аралап, халқымыздан шыққан батыр ұл-қыздарымыздың ерлігін,
жеңісін жырлады. «Біз жеңеміз», «Сүйгенім-ай, күйгенім-ай», «Төрт батыр»
сияқты көптеген өлең, жырлар шығарды. 50-70 жылдары бейбіт өмірді,
республика табыстарын, замандастарын бейнелейтін өлең, терме, толғау
дастандары туды. 150-дей ән толғап, оның өлеңін жазды. Оның әншілік,
 композиторлық болашағына әнші-жыршылардың, домбырашы-күйшілердің
әсері зор болды. Әсіресе, Жамбыл, Сарыбас, Балуан Шолақ, Шашубай сынды
 белгілі әнші-ақын, композиторлардан үлгі-өнеге алған. Ақын-композитордың
 «Бозторғай», «Көкшолақ», «Базар-Назар», тағы басқа әндері халық сүйіп
 айтатын мәңгілік рухани қазынаға айналған. Кенен Әзірбаев сондай-ақ
Қарағанды кеншілерінің, Балқаш мыс қортушыларының, Шымкент
қорғасыншыларының, Каспий балықшыларының, Түрксіб темір жол
құрылысшыларының арасында болып, сол алып құрылыстардың
 жетістіктерін шабытпен жырлаған. Композитордың ән шығармашылығының
 негізгі тақырыбы - ел өмірі. Ол ел өміріндегі маңызды оқиғалар мен тарихи
кезеңдерге әрқашан құлақ түріп, оған өз үлесін қосып отырды. Кенен
Әзірбаевтің композиторлығы жайында Қазақстан өнер зерттеушілері Ахмет
Жұбанов, Борис Ерзакович еңбектер жазды. Кенен Әзірбаев айтыс жанрына
 ерте араласып, Шалипа, Ләтипа, Кенеқожа, Әбдіғали, Бопипа, Есдәулет
ақындармен айтысқан. Ол қазақ халқының айтыс өнерінің насихатшысы, осы
өнерді кейінгі ұрпаққа жеткізуші тәлімгер-ұстаз да бола білді. Дастан жанрын
жастайынан жырлаған. «Шөпке барғанда», «Құдалар», «Әли батыр», «Қырғызбай»,
 «Кенебай-Кербез»,« Бұрынғы өткен батырлар», «Жалғыз қаз». «Жамбыл - жыр»
 атты толғау, дастандары бар. Бұл шығармалары - ақынның эпикалық дәстүрге
 құрылған көркем дүниелері. Кенен Әзірбаев халқымыздың ауыз әдебиеті
нұсқаларын есінде мол сақтаған, оның айтуынан жазып алынған фольклорлық
мұралар Қазақстан Ғылым академиясы Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және
өнер институтының Қолжазбалар орталығында сақтаулы. Ол - жыр алыбы
Жамбылмен жарты ғасырдай бірге жүріп, жаңа дәуірді асқақтата жырлаған замана
жырауы. Бұған екі жүзден астам өлең, арнау, толғаулары айғақ. Бұл туындылары
әлденше рет жинақ болып жарияланды. Кенен Әзірбаевтің көптеген шығармаларын
 аудармашы Бақытжан Қанапиянов орыс тіліне тәржімалаған. Таңдамалы
шығармаларының 2 томдығы және «Шырқа, дауысым», орыс тілінде
«Песни гор и степей» кітаптары жарық көрді. Деректі кино-телефильмдер түсірілді.
 Кенен Әзірбаевтің есімі Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Қасық орта мектебіне,
Алматы қаласындағы бір көшеге, Тараз қаласындағы кинотеатрға берілген. Алматы
 консерваториясының және Шымкент мәдениет институтының үздік студенттері
 үшін Кенен Әзірбаев атындағы степендия берілген. Жамбыл облысындағы ақын
 ұзақ жылдар бойы тұрған Кенен ауылында Кенен Әзірбаевтің музей-үйі жұмыс істейді
. Екі мәрте Ленин ордені, Еңбек Қызыл Ту, екі мәрте «Құрмет Белгісі» ордендерімен және
көптеген медальдармен марапатталған.
Дәрежелерді шешінд
Менің Дәрежем [0]
...
Санақ
  • bzh_simba
  • MAXTORT
  • Mr_Agent
  • Zadr_s
  • С. кіріп-шыққан